СҚО-да екі полицей көз жұмды: трагедияға қатысты тың дерек шықты
Әкімдіктің мәліметінше Chevrolet Cobalt және Toyota Camry көліктері жол апатына ұшыраған

Солтүстік Қазақстан облысында екі полицейдің жол апатынан қаза табуына байланысы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімдігінің мәліметінше трагедия бүгін Ғ. Мүсірепов ауданы Чистополье – Шоптыколь автожолында болған.
«Chevrolet Cobalt және Toyota Camry көліктері жол апатына ұшырап, қызметтік борышын орындаған полиция қызметкерлері қайғылы жағдайда қаза тапты», - деп жазылған хабарламада.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдай толық зерттеліп жатыр
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов полиция қызметкерлерінің отбасысына қайғырып көңіл айтты.
«Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полиция майоры Владимир Синицын мен полицияның аға лейтенанты Даулетхан Қазыханның отбасына және жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Олардың кәсіби борышына адалдығы мен ерлігі ел жадында мәңгі сақталады», - деді өңір басшысы.
Еке сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан көз жұмғанын жазған болатын.