06.09.2025, 14:55
Жаңалықтар
СҚО-да жол апатынан екі полицей қаза тапты
ІІМ марқұмдардың отбасына барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді
Фото: instagram / @sadenov_online
Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің учаскелік инспекторлары — полиция майоры Владимир Синицын мен полицияның аға лейтенанты Даулетхан Қазыхан қызметтік міндетін орындау барысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Марқұмдардың жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды Ержан Сәденов.
ҚР ІІМ марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды