07.09.2025, 02:02
Жаңалықтар
Елімізде Е-Densaulyq цифрлық экожүйесі құрылып жатыр
17 ақпараттық жүйе 6 негізгі құрамдас бөлікке біріктіріледі
Фото: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі Е-Densaulyq экожүйесін құрып жатыр, алдағы уақытта қолданыстағы 17 ақпараттық жүйе 6 негізгі құрамдас бөлікке біріктіріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Экожүйенің өзегі меншік нысанына қарамастан медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялаудың есебінен азаматтардың барлық медициналық дерегі жинақталатын медициналық деректердің бірыңғай қоймасы болады», - деп жазылған хабарламада.
2026 жылға қарай азаматтар өздерінің электронды денсаулық паспорттарына толыққанды қол жеткізе алады, ал "пациентке деректер" қағидаты медицинаны ашық және басқарылатын етуге мүмкіндік береді.
Экожүйенің негізгі компоненттері:
- халықты тіркеу тізілімі,
- денсаулық сақтау ресурстарын басқару жүйесі (кадрларды, жабдықтарды, лицензияларды есепке алу),
- әрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,
- медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды