$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында экс-келінін ұрып құлатқан ер адам қамаудан босатылды (ВИДЕО)

Ер адам қазіргі уақытта үйқамаққа шығарылды

Түркістан облысында экс-келінін ұрып құлатқан ер адам қамаудан босатылды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында бұрынғы қайын апасын ұрған ер адам тергеу кезеңінде «үйқамаққа» алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс қандай бап бойынша тергелуде

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылған. Сот санкциясымен тергеу мерзіміне «үйқамақ» қолданылған.

«Тергеу шеңберінде істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

Не болды

Еске салайық, оқиға 31 тамыз күні Төле би ауданының Зағамбар ауылында болған. Соққы жеген әншінің айтуынша бұрынғы қайын жұрты тарапынан әдейі қастандық жасалып отыр. Әншінің айтуынша бұл оқиғаның «кездейсоқ болмағанына» сенімді.

Серіктес жаңалықтары