$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балаева СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Ол жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды

Балаева СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Фото: ҚР СІМ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат құралдарының расталмаған, ресми ақпаратты таратуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны жөнінде ресми расталмаған ақпарат тарап жатыр. Еске салғым келеді, кез келген ақпаратты тарату алдында оның шынайылығын тексеру міндеті бар. Сондай-ақ кінәсіздік презумпциясы қағидатын және журналистік этиканы сақтау қажет. Көбіне «хайп» қуып, расталмаған мәліметтерді жариялау арқылы журналистер азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер олардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, негізсіз жала жабуға әкелуі мүмкін»,- дейді Балаева.

Министр журналистерді кәсіби БАҚ ұстануға тиіс міндеттерді сақтауға шақырды.

«Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламын», - деп жазды ол.

Еске салсақ, бүгін отандық БАҚ пен телеграм арналарда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары