04.09.2025, 13:54
Жаңалықтар
БҚО-ға барып, 85 пакет есірткі сатпақ болған Астана тұрғыны ұсталды
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: БҚО ПД
Оралда өткен «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер елордадан келген 21 жастағы жігітті қолға түсірді. Ол саябақтардың бірінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тінту кезінде табылған айғақтар
Жеке тінту барысында одан ерекше иісі бар ақ ұнтақ салынған 7 zip-пакет, 6 капсула және 4 таблеткасы бар контейнер тәркіленді. Кейін оның жалдамалы пәтерін тексерген полицейлер дәл осындай заттар салынған тағы 85 пакет тапты.
Қылмыстық іс қозғалды
Барлық айғақ заттар заңға сәйкес тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады