Ақтөбе облысында 550 гектар жер алапат өртке оранды
Өрт сөндіру жұмысына күшті жел мен жоғары температура қиындық туғызды

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Сұлукөл ауылдық округінің аумағында, Сұлукөл ауылынан 20 шақырым қашықтықта шамамен 550 гектар аумақта құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнында ТЖД бастығының бірінші орынбасары мен Әйтеке би ауданының әкімі болды.
Өрт сөндіру жұмысына күшті жел мен жоғары температура қиындық туғызды, алайда ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілді.
Өрт сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдары, жергілікті атқарушы орган және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 75 адам мен 14 техника қатысты.
Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.