03.09.2025, 20:58
Жаңалықтар
Алматыда заңсыз салынған ондаған нысан бұзылды – әкімдік
Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда қала аумағында заңсыз салынған ондаған нысан бұзылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, сот шешімімен қала аумағындағы 33 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылды.
Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет. Оларға қатысты сот шешімдері қазір қалалық Әділет департаментінде орындалу сатысында тұр.
«2025 жылдың басынан бері заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін сотқа 68 талап-арыз жолданды. Оның 35-інде нысандарды толық немесе жартылай бұзу көзделген», – делінген әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)