$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тараздағы мектеп оқушысының өлімі: жасөспірімдер арасындағы төбелестің қалай болғаны айтылды

Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні кешке Тараздағы аулалардың бірінде болған

Тараздағы мектеп оқушысының өлімі: жасөспірімдер арасындағы төбелестің қалай болғаны айтылды
Фото: Видеодан скрин

Таразда 14 жастағы мектеп оқушысы төбелес кезінде пышақ жарақатынан қаза тапты. Күдікті ретінде тау-кен технологиялық колледжінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні кешке Тараздағы аулалардың бірінде болған. Қансыраған жасөспірімді кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған. Олардың айтуынша, жасөспірім әлі тірі болған. Алайда жедел жәрдем шақырғанымен, келген дәрігерлер оның өлімін ғана тіркеді.

Күдікті сол күні ұсталды. Ол – тау-кен технологиялық колледжінің 15 жастағы студенті болып шықты. Екі жасөспірім де таңертең мектептегі салтанатты жиынға қатысқан, ал кешке араларында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары