$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сабина Алтынбекова үлкен спортқа қайта оралды

Ол астаналық клуб сапында өнер көрсететін болды

Сабина Алтынбекова үлкен спортқа қайта оралды
Фото: Instagram/altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова үлкен спортқа қайта оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

28 жастағы ойыншы 1 қыркүйекте «Астана» клубының құрамына ресми түрде қабылданғанын Instagram желісінде жариялады.

Сабина Алтынбекова 2015 жылы Тайбэйде өткен Азия чемпионатында жастар құрамасы сапында өнер көрсетті. Ол ойынымен қатар сұлулығымен де әлем назарын өзіне аударған болатын. Ол Қазақстанда «Алматы» клубында ойнап, кейін Жапония, БАӘ және Индонезия елдерінде кәсіби карьерасын жалғастырды. Ал «Аль-Уасл» клубының сапында Араб лигасының чемпионы атанды.

Спорттан тыс өмірінде де маңызды кезеңдер болды: 2020 жылы тұрмысқа шығып, ана атанды. Алайда 2025 жылдың басында оның ажырасқаны белгілі болды. Енді волейболшы жаңа белесті туған елінде, Қазақстан чемпионатында бастамақ.

Серіктес жаңалықтары