Әйел адам жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен
Мәскеуде Теплый Стан көшесіндегі тұрғын үй пәтерінде әйел босанып, сәбиін унитазға тастаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 1tv.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей астанасында жаңа туған нәрестесін өлтірмек болған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметінше, ол үйінде босанғаннан кейін сәбиін унитазға тастаған.
«Алайда қылмыстық ойы жүзеге асқан жоқ. Өйткені онымен бірге тұрған қыз жедел жәрдем шақырып, сәби дереу қалалық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Мәскеу қаласы Тергеу комитеті.
Күдікті әйелдің өзі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер рұқсат берген соң одан жауап алынбақ. Қазіргі таңда анасының жаңа туған сәбиді өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.