02.09.2025, 07:35
Жаңалықтар
Түтінге тұншығып қалды: өрт шыққан үйден бүлдіршіндер құтқарылды
Өрт сөндірушілері қайғылы оқиғаның алдын алды
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин
Қарағанды қаласында өрт шыққан үйден бүлдіршіндер құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ өрт сөндірушілері қайғылы оқиғаның алдын алды.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Олар барған кезде тоғыз қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерде матрас жанғаны анықталды. Салдарынан түтін бүкіл пәтерге тез таралып кеткен.
«Құтқарушылар есікті ашып, 7 және 3 жасар екі баланы қауіпсіз жерге алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», - делінген ТЖМ хабараламасында.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды