$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Риддер қаласының көшелерін аюлар кезіп жүр (ВИДЕО)

Риддерде аюлар тағы да жұрттың зәресін алды

Риддер қаласында аюлар қайтадан елді мекен аумағында көзге түсті. Жуырда Громотушин шатқалында саяжай иелерін үш қонжық шошытты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Noks.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындар қауіптеніп отыр

Алдымен аюлар үйдің қоршауын сындырып, ауласына кірген. Бірнеше күннен кейін тағы бір үйдің аумағына кіріп, бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Біздің саяжайымыз Громотушин шатқалының шетінде орналасқан, сондықтан аюлар бізге де келуі мүмкін деп алаңдаймыз. Жақын маңда аюлардың апаны бар сияқты. Бұл видеоны саяжайымыздағы WhatsApp тобымызға жіберді, бұған дейін де осы аюлар басқа үйлерге келгенін айтқан еді. Мұнда адамдар шатқалда серуендеп, велосипед тебеді. Барлығына ескерту жасағымыз келеді: абай болыңыздар. Аюлар адамдардан қорықпайтын сияқты», — дейді Риддер тұрғыны Анна.

Аюды ағаш басынан да көрген

Сондай-ақ қаладағы Екінші ауданның Шоссейная көшесінде куәгерлер көліктің алдынан қаша жүгірген аюды видеоға түсірген. Ол жарық пен шудан үріккен болуы мүмкін.

Тағы бір тұрғын ағаш басына өрмелеп шыққан қонжықтың видеосын жүктеген. Оның айтуынша, маңайда аюдың апаны болуы ықтимал. Риддерліктер аюларды жиі Тишин кенішінің маңында да көретінін айтады.

Серіктес жаңалықтары