28.08.2025, 13:33
Жаңалықтар
Павлодар облысында жыл басынан бері зорлық бойынша 3,5 мыңнан астам хабарлама түскен
Павлодар облысында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өтіп жатыр
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысында жыл басынан бері зорлық-зомбылық бойынша тұрғындардан 3,5 мыңнан астам хабарлама түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
7 айда көрсеткіштер
- отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 3500-ден астам өтініш түскен;
- 2768 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
- 3052 құқық бұзушы профилактикалық есепке қойылды;
- 64 қылмыстық іс қозғалды.
Акция аясындағы шаралар
- әйелдерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету;
- тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;
- алкогольдік ішімдіктерден туындайтын жанжалдарды анықтау;
- профилактикалық әңгімелер өткізу;
- ақпараттық буклеттер тарату.
Полиция қызметкерлері азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа үндемей қалмауға кеңес береді.
Қажет болған жағдайда:
- 102 – полиция кезекші бөлімі
- 150, 111 – сенім телефондары
Акция 2025 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 14:48
«Жүрегімде мұң, көзімде мұң»»: Тоқаев Тамыз конференциясында өткір мәлімдеме жасады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті