«Саған ғашықпын»: Алматы облысында 8 жасар қыз өгей әкесінің айуандық әрекетін видеоға түсіріп алды
Желіде қыз баланың шырылдап, көмек сұраған хатын жарияланды

Алматы облысында еңгезердей ер адам өгей қызына 8 жасынан бастап тиісіп, зорлық көрсетіп келе жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жазира Бегалы желіде қыз баланың шырылдап көмек сұраған хатын жариялап, видеосын көрсетті.
«Мен екінші сыныптан бері өгей әкемнен зорлық көріп келемін. Анам ол кісімен 2015 жылы отау құрған. Бастапқыда бәрі жақсы еді, бірақ уақыт өте маған ойы өзгеріп, тиісе бастады. Жыныс мүшемді ұстайтын, ұятсыз видеолар көрсететін. Анам, апам, атам, ағам, бәрі бұл туралы біледі», – деп көмек сұрады қыз бала.
Жазира Бегалының айтуынша, жасөспірім осы жағдайға қатысты полицияға шағынған. Қарасай ауданының полициясы қылмыстық іс тіркеп, қыз баланы оңалту ортылығына жіберген. Белгілі болғандай, облыстық полиция департаменті істі қысқартып тастаған. Қазір қыз бала дағдарыс орталығында тұрып жатыр, үйіне барғысы келмейді.
«Жасөспірімді анасы үйіне алып кетпек. Ол үйге оралса «апталдай өгей әкем ойыншығына айналдырады» деп араша сұрайды. ҚР ІІМ, сонда бұл қыздың тағдырына тәлкекке айналдыруға мына азаматтың құқығы бар ма? Бұл жан-айқайға бей-жәй қарамауды сұраймын. Туған шешесі қорғамаса, қоғам қорған болайық!» – деп жазды Жазира Бегалы.
Оқиғаға қатысты агенттік тілшісі облыстық Полиция департаменті ресми сауал жолдады.