$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шахтинскте мотоцикл жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соғылғаннан кейін қашып кетті (ВИДЕО)

Оқиға 25 тамыз күні түскі уақытта болды

Шахтинскте мотоцикл жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соғылғаннан кейін қашып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Шахтинск қаласының маңында 25 тамыз күні жедел жәрдем көлігіне соғылған мотоцикл жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға шамамен 14:43-те Зелинский көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, Hyundai жедел жәрдем көлігінің 53 жастағы жүргізушісі басты жолмен келе жатқан кезде Арман көшесінен мотоцикл шығып, көлікке соғылған. Соқтығыстан кейін мотоциклист көлігін тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол апаты салдарынан жедел жәрдем фельдшері жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

«Факт полицияда тіркелді, мотоцикл жүргізушісінің жеке басын анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаменті агенттікке берген түсініктемесінде.

Серіктес жаңалықтары