$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық параспортшы Севда Әлиева тұрмысқа шықты

Оның сүйіктісі – америкалық Исаак Сайед

Қазақстандық параспортшы Севда Әлиева тұрмысқа шықты
Фото: instagram.com/sevdaalieva

Астаналық 32 жастағы параспортшы, оқ атудан спорт шебері Севда Әлиева тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Instagram парақшасында сүйіктісінің тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабыл алғанын жазды. Оның сүйіктісі – америкалық Исаак Сайед (Isaac Syed). Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, жұп шамамен бір жылдан бері көңіл жарастырып жүрген.

26 тамызда Севданың стористерінде ұзату тойынан түсірілген суреттер жарияланды. Іс-шара мейрамханада туыстары мен жақындарының ортасында өтті. Жас жұбайлар би билеп, ән айтып, ыстық ықыласқа бөленді. Олардың құрметіне Amre мен Қазыбек Құрайыш танымал әндерін шырқады.

Севда Әлиева тек спорттық жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар музыкалық талантымен де танымал: ол түрлі шоуларға қатысып, көрермендерді талантымен баурап алды. Атап айтқанда, «Qazaqstan» телеарнасындағы «Екі жұлдыз» жобасына қатысқан.

Спортшы – 2023 жылы Италияда өткен парабиден әлем чемпионы, сондай-ақ 2024 жылы оқ атудан Қазақстан чемпионы. Бұдан бөлек, 2024 жылғы Париж Паралимпиадасында Әлиева Қазақстан туын көтеріп шықты. Ол P2 санатында – 10 метр қашықтықтағы пневматикалық тапаншадан ату жарысына қатысады.

Серіктес жаңалықтары