$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда психикалық ауытқуы бар бойжеткен жоғары қабаттан құлап кетті

Бойжеткеннің небәрі 19 жаста екені анықталды

Ақтауда психикалық ауытқуы бар бойжеткен жоғары қабаттан құлап кетті
Фото: istockphoto.com

Ақтауда 27 тамызға қараған түні 19 жастағы қыз бала көпқабатты үйден құлап қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай таңғы сағат 04:00 шамасында Ақтау қаласының 27-шағынауданындағы №6 үйде болды. Куәгерлердің айтуынша, алдымен құлаған дыбыс естілген, кейін көп ұзамай подъезд жанынан жас қыздың денесін байқаған. Олардың сөзінше, ол тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатынан құлаған.

Полицияның мәліметінше, қаза болған қыздың жасы 19-да, ол бұл үйде тұрмаған. Сондай-ақ, оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.

«Қайғылы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары