27.08.2025, 12:53
Жаңалықтар
Шымкентте «алма бағы» ісі: мемлекетке 685,8 млн теңге залал келтіргендер сотталды
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ
Фото: istockphoto.com
АӨК саласындағы тексеру нәтижелері бойынша мемлекет мүддесін қорғау аясында Бас прокуратура Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру қорытындылары
Жоба: «Шымкент қаласында екі алма бағын салу».
- Тексеру барысында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ (2021 жылдан бастап АНК құрамына кірген) басшылығының лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі анықталды.
- Нақты орындалмаған жұмыс сомасы – 430,6 млн теңге.
- Сараптамаларға сәйкес, мемлекетке жалпы 685,8 млн теңге залал келтірілген.
Қылмыстық іс және сот үкімі
- 10.07.2024 ж. Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша іс қозғалды.
- Істі Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеді.
- Қосымша ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) және 189-бабы (бөтеннің мүлкін иемдену) бойынша материалдар біріктірілді.
07.08.2025 ж. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен АНК басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары И.М., мердігер ұйымның директоры С.Р.
мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды