$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда әйел адам экс-сүйіктісінен су жаңа көлікті тартып алды

Әйел адам экс-сүйіктісін сотқа берді

Қостанайда әйел адам экс-сүйіктісінен су жаңа көлікті тартып алды
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында әйел адам көңіл жарастырып жүрген сүйіктісімен айырылысамын деп көлігінен айырылып қалды. Ол экс-сүйіктісін сотқа беріп, жеңіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай басталды?

2023 жылы әйел адам автосалоннан Subaru Forester (2023 жылғы үлгісі) көлігін сатып алған. Қарым-қатынаста болған азаматқа сеніп, көлікті оның атына рәсімдеп береді. Кейін ер адам оны нотариалдық сенімхатқа қол қоюға көндірген. Сенімхат автосалон менеджерінің атына рәсімделеді, ол бұрын көлікті тіркеу ісімен айналысқан болатын.

2024 жылдың күзінде тараптар айырылысып кеткен соң, әйел көлікті өз атына қайта рәсімдеуді сұраған. Алайда ер адам көліктің ұлына тиесілі екенін айтып, бас тартқан. Кейін адвокат арқылы анықталғандай, көлік жалған сатып алу-сату шарты бойынша оның ұлының атына жазылып, артынан қайтадан бұрынғы серіктесінің меншігіне өткен.

Соттағы тартыс

Әйел сотта ешкімге көлікті сатпағанын, ақша алмағанын, сенімхатты ер адамға сеніп, қол қойғанын түсіндірді. Бірінші инстанция соты 2025 жылғы мамырда талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Әйел бұл шешімге шағым түсірген.

Апелляциялық соттың шешімі

Апелляциялық алқа алғашқы сот шешімін заңсыз деп тапты. Себебі 2023 жылы жасалған мәміле кезінде автосалон менеджері бір мезетте екі тараптың да өкілі болған, бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 163-бабы, 3-тармағына қайшы екені анықталды.

Осыған байланысты бірінші инстанцияның шешімі күшін жойып, көлікті сатып алу-сату келісімі жарамсыз деп танылды. Әйелдің талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Серіктес жаңалықтары