$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында тұрғын үй құрылысына бөлінген 152 млн теңгеден астам қаржы жымқырылды

Жоспарланған 9 қабаттың тек 7 қабаты ғана тұрғызылған

Жетісу облысында тұрғын үй құрылысына бөлінген 152 млн теңгеден астам қаржы жымқырылды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Жетісу облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылыс жобасы мен келісімшарттар

2021 жылы тапсырыс беруші мен мердігер ұйым арасында жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге екі көпқабатты тұрғын үй салуға келісімшарт жасалған.

Алайда іс жүзінде мынадай заңбұзушылықтар анықталды:

  • Жоспарланған 9 қабаттың тек 7 қабаты ғана тұрғызылған;
  • Жылыту, сумен жабдықтау және электр жарықтандыру жүйелері орнатылмаған;
  • Сыртқы әрлеу жұмысы жүргізілмеген.

Соның салдарынан нысандар уақытылы пайдалануға берілмей, мемлекетке 152 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Тергеу барысы

Сот санкциясымен құрылыс компаниясының мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі таңда іс бойынша мердігер ұйымның директоры, сондай-ақ құрылысқа техникалық қадағалау жасаған компания қызметкерлері күдікті деп танылды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары