$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде дүкен сөрелерінің 50 пайызын қазақстандық өнімдер алады – министрлік

Министрлік отандық өндірушілерге қолдау көрсету мәселесін қозғады

Елімізде дүкен сөрелерінің 50 пайызын қазақстандық өнімдер алады – министрлік
Фото: istockphoto.com

Үкімет президент жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында ішкі нарықты қорғау мен отандық өндірушілерді қолдау шараларын күшейтуде. 2025 жылдың мамырында тауарлардың шыққан елін анықтау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, енді отандық кәсіпкерлерге көңіл бөлінбек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі

Қазір қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі әзірленіп жатыр. Бұл қадам компанияларға мемлекеттік қолдау алуға, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді.

Дүкен сөрелерінде қазақстандық тауар үлесі артады

Ішкі нарықтағы қазақстандық өнім үлесін арттыру мақсатында арнайы бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаға сәйкес, дүкен сөрелеріндегі кеңістіктің кемінде 50%-ы отандық тауарларға берілуі тиіс.

Сапасыз өнімдердің жолы кесілді

Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің елге әкелінуіне шектеу қою жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Барлық бақылаушы органдардың қатысуымен Ахуалдық штаб тиімді жұмыс атқаруда. 47 мыңнан астам көлік тексеріліп, жалпы салмағы 600 мың тоннадан асатын мал шаруашылығы өнімдері бақылаудан өтті. Соның нәтижесінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылып, 1 мыңнан астам сәйкестікті растау құжатының күші жойылды», – деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Серіктес жаңалықтары