Интернет-алаяқтық күшейді: 6 айда 11 мыңнан астам дерек тіркелді
Байланыс операторлары алаяқтардың қоңырауларын бұғаттаған

Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы жартысында 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің дерегінше, қылмыскерлердің негізгі тәсілі — шетелдік нөмірлер арқылы қоңырау шалу. Байланыс операторлары мұндай қоңырауларды бұғаттап, 67 миллионнан астам хабарласуды тоқтатуға мүмкіндік берген.
Қауіп қайдан төнуде?
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алаяқтардың айласы күн сайын өзгеріп отыр. Қазір олар:
- Жалған брокерлік компаниялар арқылы азаматтарды алдап отыр;
- Қауіпсіз инвестициялық жоба ретінде көрсетілген схемаларға ақша салуға көндіреді;
- Онлайн-сауда кезінде тауарды алдын ала төлеуге мәжбүрлейді.
Нәтижесінде 1 мыңнан астам қазақстандық қаржылық шығынға ұшырады.
Мамандардың кеңесі
Құқық қорғаушылар интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырады:
- Тауарды алған соң ғана төлем жасаңыз;
- Банк, полиция немесе мемлекеттік орган атынан WhatsApp арқылы хабарласқан нөмірлерге сенбеңіз;
- Әсіресе, шетелдік нөмірлерден келген қоңырауларға абай болыңыз.
Қазақстандағы интернет-алаяқтық
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда интернет-алаяқтық соңғы жылдары қарқынды өсіп отыр. Цифрлық қаржы сервистерінің кеңеюі, онлайн-сауда мен инвестицияға сұраныстың артуы алаяқтарға жаңа мүмкіндіктер ашты.
2023 жылы ІІМ 20 мыңнан астам киберқылмыс тіркеген. Биылғы көрсеткіштің де өсіммен аяқталатыны болжанып отыр.
Цифрлық даму министрлігі мен байланыс операторлары арнайы фильтрлеу жүйесіненгізгенімен, қылмыскерлер жаңа жолдарын табуда. Сарапшылар бұл жағдай азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруды талап етеді дейді.