Ақтау әуежайында жолаушы ұшақта бомба барын хабарлады
Кейін ақпараттың жалған екені анықталды

Ақтау – Шымкент бағытындағы рейсте жас әйел бомба барын айтып, дабыл тудырды. Кейін ақпараттың жалған екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға қалай болды?
Оқиға Scat әуе компаниясының Ақтау – Шымкент рейсінде орын алған. Ұшақта шамамен 200 жолаушы болған.
- 1998 жылы туған әйел сәбимен бірге ұшып келе жатып, бортта жарылғыш зат барын мәлімдеген;
- Экипаж дереу әрекет етіп, барлық жолаушыларды және қызметкерлерді эвакуациялаған;
- Ұшақ пен жолаушылардың заттары 5 сағат бойы мұқият тексерілді.
Арнайы қызметтердің тексерісі
Оқиға орнына жедел жеткен арнайы қызмет өкілдері әуе кемесін толықтай қарап шыққанымен, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, жас әйелдің мұндай әрекетке баруына эмоциялық күйзеліс себеп болуы мүмкін.
Қылмыстық іс қозғалды
Жолаушы ұсталып, тергеуге алынды. Көліктегі полиция департаменті бұл деректі растады.
Линейлік полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» бабымен іс қозғады.
Тергеу жалғасып жатыр. Қосымша мәліметтер жарияланбайды.