$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Грант алып беремін деген»: Астанада ер адам 20-дан астам абитуриентті алдаған

34 жастағы ер адам білім грантын уәде еті

«Грант алып беремін деген»: Астанада ер адам 20-дан астам абитуриентті алдаған
Фото: © istockphoto.com

Астанада 34 жастағы ер адам білім грантын уәде етіп, 20-дан астам абитуриентті алдаған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалай алдаған?

Полицияның мәліметінше, күдікті азамат өзін таныстары арқылы ұсынып, «сенімді адам»ретінде көрінген. Ол магистратура мен бакалавриатқа түсу үшін мемлекеттік грантты «жеке байланыстары» арқылы қамтамасыз ете алатынын айтып, ірі көлемде ақша талап еткен.

  • Абитуриенттермен телефон арқылы сөйлесіп, құжат қабылданғанын, грант «гарантиялы» екенін сендірген;
  • Қаражатты көбіне делдалдар арқылы алып отырған;
  • Ақша қолына тиген соң, жәбірленушілермен байланысын үзіп отырған.

Мәселен, бір студент 1 миллион теңге беріп, магистратураға грантқа түсуге үміттенген. Бірақ қаражатты алған соң күдікті ізін суытқан.

Күдікті ұсталды

Қазіргі таңда 34 жастағы ер адамның жеке басы анықталып, ол полицейлердің қолына түсті. ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицияның ескертуі

ҚР ІІМ азаматтарға тағы бір мәрте ескерту жасады:

  • Мемлекеттік гранттар тек конкурс арқылы беріледі;
  • «Ережені айналып өтіп» грант алу мүмкін емес;
  • Заңсыз жолмен мәселе шешуге тырысқандар қаржылай шығынға ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де тап болуы мүмкін.
Серіктес жаңалықтары