$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ТЖМ: Қазақстанның үш облысында өрт қаупі күшейді

Бұл облыстарда бесінші класс өрт қауіптілігі жарияланды

ТЖМ: Қазақстанның үш облысында өрт қаупі күшейді
Фото: © istockphoto.com

23 тамыз күні еліміздің бірқатар өңірінде ең жоғарғы – бесінші класс өрт қауіптілігі жарияланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдедә, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай аймақтарда жағдай қауіпті?

ТЖМ-тің мәліметінше, Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өрттің таралу қаупі ең жоғары деңгейге жеткен.

Сонымен бірге синоптиктер қатты ыстық пен аптап желдің сақталатынын ескертті:

  • Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа температурасы +35…+40°С дейін көтеріледі;
  •  елдің оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғуы ықтимал;
  • солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Азаматтарға үндеу

ТЖМ мамандары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

  • ашық далада от жақпау;
  • шылым қалдығын тастамау;
  •  құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге болмайды.

«Аптап ыстық пен құрғақшылық жағдайында кез келген ұшқын үлкен өртке әкелуі мүмкін. Сондықтан барша қазақстандықтарды сақ болуға шақырамыз», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Неге бұл маңызды?

Мамандардың айтуынша, жазғы кезеңде өрт қауіпі әсіресе құрғақ дала және орманды аймақтарда ушығады. Өткен жылдары осындай жағдайдан ондаған гектар жер өртеніп, елдімекендерге қауіп төнген.

Экологтар табиғатты қорғау үшін қоғамның әрбір мүшесі жауапкершілік танытуы қажет екенін айтады.

Серіктес жаңалықтары