$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты

Білім беру гранттары конкурстық негізде тағайындалды

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты
Фото: © istockphoto.com

Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

«Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты», – делінген хабарламада.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. 

2025-2026 оқу жылына арналған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі.

Айта кетсек, Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның жұмысы аяқталғанын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары