$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында 35 тонна шемішке тиеген фура аударылып қалды (ВИДЕО)

Жетісу полицейлері 35 тонна күнбағыс тұқымы тиелген аударылған фураны көтеруге көмектесті

Жетісу облысында 35 тонна шемішке тиеген фура аударылып қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысында 35 тонна шемішке тиеген фура жол жиегіне аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тіркемесі бар жүк көлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері көмек көрсетті. Көлік Алматы – Өскемен автожолында аударылып кеткен. Оқиға салдарынан жолға 35 тонна күнбағыс тұқымы төгілді.

Инцидент «АКЛ» базары маңындағы қиылыста болған. Алдын ала деректерге сәйкес, жүргізуші солға бұрылу кезінде рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жүк көлігін қайта тіктеп, төгілген өнімді қайта тиеуге жәрдемдесті. Жүргізуші алған көмегі мен жедел әрекеті үшін полицейлерге шын жүректен алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, әсіресе жүктемесі көп қиылыстарда маневр жасағанда абай болуды ескертеді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары