$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада өзін табысты кәсіпкер етіп көрсеткен алаяқ 4 адамның көлігін шетелге сатып жіберген

Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалды

Астанада өзін табысты кәсіпкер етіп көрсеткен алаяқ 4 адамның көлігін шетелге сатып жіберген
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 адамды тақырға отырғызып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, алаяқ төрт адамды іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірген. Ал несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берді, алайда көп ұзамай көліктердің Ресей Федерациясына тасымалданып, сол жақта сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген.

Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.

«Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Елорда прокуратурасы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алу үшін заң мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынына назар аударады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары