$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2020, 10:33
Жаңалықтар

Қазақстанда 3 адамнан конго-қырым қызбасы анықталды

Осы жылдың бес айында 1 млн 411 мыңнан аса адам жұқпалы ауруларға қарсы егілген

Қазақстанда 3 адамнан конго-қырым қызбасы анықталды
Фото: ашық дереккөзден

12 маусымдағы жағдай бойынша елімізде конго-қырым геморрагиялық қызба ауруы 3 адамнан анықталған. Бұл жайында Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева айтты.

«Түркістан облысында – 2 , Жамбыл облысында бір жағдай. Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет осы ауру бойынша 313 қолайсыз елдімекеннің айналасында қорғаныш санитариялық аймағын құрды. Жергілікті атқарушы органдар бұл ауру бойынша қолайсыз аймақта кенеге қарсы 5,8 мың бас малды, елдімекендерде 362 мал қорасын өңдеді. Ауданы 19,8 шаршы км буферлік аймақ құрды», - деді ол инфекцияға қарсы жұмыс туралы баяндай келе.

Жалпы, 2020 жылдың бес айында 1 млн 411 мың 647 адам жұқпалы ауруларға қарсы егілген. Вакцинамен халықтың 92 пайызы қамтылған.

1 тоқсанда екпеден 1423 адам бас тартқан. Көпшілігі вакцинацияға жеке сенімнің болмауынан (52%), 29%-ы діни пайымдаулар бойынша, 11%-ы вакцинаға сенімсіздік, 6%-ы БАҚ-тағы теріс ақпарат әсерінен қарсылық танытқан.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
 

Серіктес жаңалықтары