$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО аумағында жүрген 55 шетел азаматы елден қуылды

Олар енді Қазақстанға 5 жылға дейін келе алмайды

ШҚО аумағында жүрген 55 шетел азаматы елден қуылды
Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеген 350-ден астам шетел азаматы анықталды. Олардың ішінде 55 шетелдікке қатысты сот шешімімен Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынып, елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тараптың хабарламаларының болуын тексеру бойынша арнайы рейдтерді жалғастыруда.

Мәселен, облыстың бір ауданында жүргізілген кезекті іс-шара барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген 36 шетелдік анықталды. Барлық заңбұзушыға қатысты шара қабылданып, олар елден шығарылды. Ал жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«ШҚО Полиция департаменті еске салады: тіркеусіз тұру, қабылдаушы тараптан хабарламаның болмауы, сондай-ақ заңсыз еңбек қызметімен айналысу — бұл заңнаманы бұзу болып табылады. Мұндай жағдайда жауапкершілік шетелдік азаматтарға да, оларға тұрғын үй немесе жұмыс ұсынған тұлғаларға да жүктеледі», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары