$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында Өзбекстанға жер асты «мұнай құбырын» тартқандар сотталды

Үш адамға қатысты сот үкімі жарияланды

Түркістан облысында Өзбекстанға жер асты «мұнай құбырын» тартқандар сотталды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының мамандандырылған соты жан-жақты талқыланған отын контрабандасына қатысты істі түйіндеді. Бес қазақстандық трансұлттық қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны үшін нақты мерзімге сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметіне жүгінсек, үш адамға қатысты заңсыз әрекеті үшін үкім жарияланды:

  • Схеманың ұйымдастырушысы – 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Қалған қатысушылар – әрқайсысы 13 жылдан алды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылдың шілде айында топ 375 метрлік жер асты мұнай құбырын қазып, Қазақстанды Өзбекстанмен жалғаған. Сол арқылы олар 112 миллион теңге тұратын 420 тоннадан астам бензинді шекара асырып өткізген.

Сот кейбір сотталушылардың кішкентай балалары барын ескергенімен, олардың кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті. Ал айыпталушылар өз кінәсін мойындамай, ақтап шығаруды талап еткен.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында 450 метрлік жерасты тоннелі арқылы жанармай тасымалданғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары