ШҚО-да түрмеден босап шыққан адам 10 күннен кейін есірткімен ұсталды
ШҚО-да рецидивист түрмеге ірі көлемде есірткі өткізбек болды

Шығыс Қазақстан облысында түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан адам 10 күннен кейін есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері түзету мекемесіне есірткі жеткізу әрекетінің алдын алды.
Оқиға жайы
26 жастағы рецидивист бар болғаны 10 күн бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығып, Шемонаиха ауданына келген. Ол колония аумағына 616 грамм есірткіні скотч пен электродтарға орап, қоршаудан асырып лақтырмақ болған. Бірақ құқық қорғаушылар оны полицей иттердің көмегімен дер кезінде қолға түсірді.
Тергеу амалдары
Бұл – бір апта ішінде жолы кесілген екінші ірі көлемдегі «тіркеусіз жеткізу» әрекеті. Қазір ұсталған азаматқа қатысты аса ірі көлемде есірткі өткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Енді оған жаңа жаза берілуі мүмкін.