$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден астам негізсіз салық салынған

Кәсіпкерлерге негізсіз есептелген салық төлемдері қайтарылды

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден астам негізсіз салық салынған
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден астам негізсіз салық салынғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметіше, оқиға Жетісу өңірінің Ескелді ауданында болған. Ведомство дерегіне сүйенсек, кәсіпкерлерге жер телімдерін пайдаланғаны үшін артық мөлшерде салық төлемдері есептелген.

«Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 505-бабын бір шаршы метрге 0,48 теңге базалық мөлшерлемемен қолданудың орнына мәслихаттың 0,81 теңге ставкасымен күші жойылған шешімін басшылыққа алған.

Қадағалау актісі бойынша кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 91 кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам сома ақшалай қаражаты қайтарылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Жетісу облысы прокуратурасының ерекше бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары