Ақтауда түнгі уақытта шу шуғарған ер адам жұртты шошытты
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Ақтауда түнгі уақытта көпқабатты үйдің жанында жанжал шығарған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 17-сінен 18 тамызға қараған түні Ақтау қаласының 19-шағынауданындағы №15 үйдің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде айқайлап, подъезд маңында жүрген, соның салдарынан тұрғындар оянып кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. Тәртіп бұзған азамат ұсталып, оған қатысты әкімшілік іс материалдары толтырылды.
«Ер адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 437-бабы (ұсақ бұзақылық) және 440-бабы (қоғамдық орындарда мас күйінде жүру) бойынша хаттамалар толтырылды», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.