$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда қыз алып қашқан жігіт 10 жылға дейін сотталады: Бас прокуратура ескерту жасады

Қазақстанда мәжбүрлі некеге қылмыстық жауаптылық енгізілді

Қазақстанда қыз алып қашқан жігіт 10 жылға дейін сотталады: Бас прокуратура ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда некеге мәжбүрлеуге қатысты жаңа қылмыстық жауаптылық белгіленді. Енді қысым көрсету, қорқыту немесе күш қолдану арқылы жасалған неке үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа заңнама қабылданды

2025 жылдың 16 шілдесінде мемлекет басшысы қол қойған заң аясында Қылмыстық кодекске 125-1-бап енгізілді. Бұл түзету «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде қабылданып, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға бағытталған.

Мәжбүрлі некенің салдары

«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, еркін келісімсіз қиылған неке жарамсыз болып саналады.

Мәжбүрлеу – адамның негізгі құқықтарын бұзу, ал қысым, қорқыту немесе зорлық-зомбылық көбіне құрбандардың оқшаулануына, психологиялық күйзеліске және тіпті өз-өзіне қол жұмсауына әкелуі мүмкін.

Халықаралық тәжірибе

Көптеген елде мәжбүрлі неке ауыр қылмыс ретінде қарастырылады. Кей жағдайда ол адам саудасының бір түрі деп те танылады.

Қазақстандағы жағдай

Соңғы 5 жылда елімізде осындай 257 қылмыстық іс тіркелген, алайда олардың 95%-ы түрлі себеппен тоқтатылған. Жаңа заңнама бұл олқылықтарды жоюға бағытталған.

Қатаң жаза қарастырылған

  • Қорқыту, бопсалау немесе күш қолдану арқылы некеге мәжбүрлеу – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
  • Ауыр зардаптарға әкелсе – 10 жылға дейін.

Сондай-ақ, егер әйелді некеге мәжбүрлеу мақсатында ұрлау фактісі тіркелсе, іс бірден ҚК-нің 125 және 125-1-баптары бойынша сараланады.

Құқық қорғау органдарының міндеті

Прокуратура органдары заңдылықтың сақталуын бақылап, азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары