$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Арбаға таңылған жанкүйер расистік сөздері үшін өмір бойына стадиондарға кіре алмайтын болды (ВИДЕО)

Жағымсыз оқиға «Ливерпуль» мен «Борнмут» арасындағы матчта болды

Арбаға таңылған жанкүйер расистік сөздері үшін өмір бойына стадиондарға кіре алмайтын болды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

«Ливерпуль» футбол клубының жанкүйері «Борнмут» ойыншысы Семеньоға қатысты нәсілшілдік бағытта балағаттағаны үшін өмір бойына стадионға кіру құқығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Англия Премьер-лигасының бірінші турындағы матчта болды. 28-минутта «Борнмут» шабуылшысы ауттан допты ойынға қоспақ болғанында мүгедектер арбасына таңылған жанкүйер оған ауыр сөздер айтып, ауызындағы сағызын лақтырған.

Көп ұзамай бұл ауыр сөздер нәсілшілдік сипатта болғаны анықталды, ал стюардтар тәртіп бұзған жанкүйерді стадионнан шығарып жіберді.

Белгілі болғандай, мүгедектер арбасындағы жанкүйер полиция бөлімшесіне жеткізілген. Бірнеше күннен кейін оған жаза қолданылды.

«47 жастағы Ливерпуль тұрғыны 16 тамыз күні нәсілдік негізде қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікпен қамауға алынды. Қазір ол кепілмен босатылды, бірақ оған Ұлыбритания аумағындағы кез келген футбол матчы өтетін орынға баруға және стадионға бір мильден жақын баруға тыйым салынды. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр», – делінген Мерсисайд полициясының хабарламасында.

Айта кетейік, Антуан Семеньо «Ливерпульге» қарсы ойында дубль жасады, алайда оның командасы Англия чемпионынан 4:2 есебімен жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары