Алматы қаласының маңында мопед мінген екі бозбала апатқа ұшырап, қаза тапты
Жеңіл көлік пен мопед соғылды

Алматы қаласының маңында мопед мінген екі бозбала жеңіл көлікпен соқтығысып, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиғаны Алматы облысының Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне түсініктеме берді.
Полиция департаментінің мәліметінше, Жетiген – Нұра автожолының 3-ші шақырымында мопед пен жеңіл автомобиль соғылған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу ісі басталды.
«Оқиға орнында мопедтегі кәмелетке толмаған жолаушы қаза тапты. Екі көліктің де жүргізушілері әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, онда мопедтің жүргізушісі көз жұмды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», – дейді облыстық ПД.