18.08.2025, 12:39
Жаңалықтар
ШҚО-да компания екі жылдан бері өзен арнасын бұрып, заңсыз алтын өндіріп жүрген
Кен өндіруде ауыр техникалар қолданылған
Фото: Видеодан скрин
Шығыс Қазақстан облысы ҚМА департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы, Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заңсыз әрекеттер
Күдіктілер екі жыл бойы лицензиясыз өзен арнасын өзгертіп, заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр техникалар мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдықтар қолданылған.
Экологиялық және экономикалық залал
ЖШС заңсыз қызметінің салдарынан келтірілген экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.
Тәркіленген алтын
Тінту барысында 382 млн теңге құны бар 6 кг алтын тәркіленді.
Қамауға алу және тергеу
Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Ескерту: ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Көп оқылған
01.04.2026, 10:55
«Екі рет сараптама жүргізілді»: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті неліктен психиатриялық ауруханаға жатқызылды
01.04.2026, 09:35
«Finsky Ice», «Сибирские морозы»: Семей тұрғыны гаражында спирт пен суды араластырып, ішімдік дайындаған
01.04.2026, 18:01
«Барселона» Қазақстаннан шыққан жас талантпен келісімшартқа отырды – Mundo Deportivo
01.04.2026, 09:12
Ақтауда ер адам түйесін көпқабатты үйдің жанына байлап қойған (ВИДЕО)