$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайда робототехникадан әлемдік чемпионат: қазақстандық оқушылар қола медаль жеңіп алды

10 мыңнан астам қатысушы Dobot атты командалық ойын форматында бақ сынады

Шымкенттік оқушылар Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орын алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 8-12 тамыз аралығында Бейжіңде жасөспірімдер арасында халықаралық робототехника чемпионаты өтті. 10-16 жас аралығындағы әлемнің түкпір-түкпірінен келген 10 мыңнан астам қатысушы Dobot атты командалық ойын форматында бақ сынады. Бұл жарыста жылдамдық, ептілік пен дәлдік басты талап болды.

Қазақстан намысын қорғаған шымкенттік жас робототехниктер мыңдаған қарсыластың арасынан суырылып шығып, үшінші орын иеленді. Оқушылардың екі айлық дайындық нәтижесі жемісін беріп, елімізді халықаралық деңгейде лайықты танытты. Жүлдегерлер қатарында Yassi командасының мүшесі, сегізінші сынып оқушысы Талғат Есенгелді де бар. Оның айтуынша, жеңіс сәті өміріндегі ең ұмытылмас әсердің бірі болған.

Команда менторы Ердоc Әбдікәрімов қазақстандық оқушылардың ғылым мен технология саласында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін атап өтті. Оның сөзінше, басты мақсат жасөспірімдерге сенім беріп, оларды халықаралық аренада өзін еркін көрсетуге баулу болған.

Айта кетейік, Қытайдағы додаға Шымкенттен үш команда қатысып, негізгі жүлдеден бөлек «Негізгі құндылықтар» және «Инженерлік шеберлік» номинацияларында арнайы сыйлықтарға ие болды.

Серіктес жаңалықтары