$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда аяқталмаған көпірге шығып алған бала оқыс жағдайға тап болды

Құтқарушылар баланы аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпірінен түсірді

Алматыда аяқталмаған көпірге шығып алған бала оқыс жағдайға тап болды
Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда аяқталмаған көпірге шығып алған бала өздігінен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алатау ауданының Зерделі шағын ауданында 2014 жылы туған бала аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпіріне көтеріліп, қорыққандықтан өздігінен түсе алмай қалған.

Оқиға орнына Алматы қаласының ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары жедел жетті.

«Құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен баланы қауіпсіз жерге түсіріп, онымен қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Құтқарушылар еске салады: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе аяқталмаған құрылыс нысандары мен қауіпті жерлердің маңында», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары