«Екеуі де ажырасқан»: желіде Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
Қос әншінің түскен видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжановтың ажырасып, өнердегі әріптесі Әйгерім Қалаубаевамен қосылғаны туралы сыбыс тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың соңғы уақыттары бірге түскен видеолары, өздерін ұстауы жұрт арасында сыбыс тарауына себеп болғандай. Соңғы видеода қос әншінің көлікке мінген достарымен қоштасып, ары қарай қол ұстасып кетіп бара жатқанын байқауға болады.
Олардың бұл жүрісіне желі қолданушылары оң қабақ таныта қойған жоқ. Бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір қалдырды. Оқырмандардың бірі тіпті, Нұрлан Әлімжановтың Әйгерім Қалаубаева үшін ажырасып кеткенін жазды
«Екеуінің де бөлек семьялары бар адамдар», «Өздері ғой қосуға повод беретін», «Бұл әйел байынан кетіп, Нұрланға тиіп алған. Нұрлан осы үшін семьясынан ажырасып кеткен», «Екеуінің семьясы бөлек болса, осылай жүреді ме, актриса», «Ырбиып жабысып жүрсе бір біріне, жұрт көргенін айтады», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанов түріктің әйгілі әніне вальс билеген видеосы жарияланды.