Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир өткізетінін мәлім етті
Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының костюмін тегін сыйға беретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир өткізетінін мәлім етті.
«Легендамның легенда костюмін эфирде сыйлаймын. Халық алдындағы алғашқы эфирім болғасын жай сыйлықтар таңдағым келмеді. Бәріне ақша мен көлік керек екенін білдім. Бірақ тағы не сыйлай аламын деп көп ойланып, халықтың сұрауымен осы легендамның киімін сіздерге де жұғысты болсын деп эфирде сыйлағым келді», - деп жазды әншінің анасы.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың анасы кәсіпке бет бұрғаны туралы хабарланған болатын.