16.08.2025, 18:34
Жаңалықтар
Алжирде автобус көпірден құлап, 18 адам қаза тапты
Тағы 9 жолаушы жарақат алды
Фото: Getty Images / Anadolu/Hamza Zait
Алжирдің Хараш округінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жолаушылар автобусы көпірден құлап, өзен арнасына түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан 18 адам қаза тапты, тағы 9 жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Құтқару жұмыстары қалай өтті?
Алжирдің азаматтық қорғаныс қызметі апат орнына:
- 25 жедел жәрдем көлігін,
- 16 сүңгуірді,
- 4 құтқару қайығын жұмылдырды.
Құтқарушылар өзенге құлаған автобусты іздеу және жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.
Тергеу жалғасып жатыр
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталуда. Жергілікті билік орындары жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексермек.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды