$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Табысымыз жетпейтін»: Елдос Колобок ақша жинауды неден бастағанын айтып берді (ВИДЕО)

Елдос Колобок 4-5 млн теңге табыстан бір тиын да жинай алмаған күндерін еске алды

«Табысымыз жетпейтін»: Елдос Колобок ақша жинауды неден бастағанын айтып берді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Блогер, әзілкеш Елдос Кәдірханов пен оның жұбайы Таңшолпан журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында отбасылық қор жинауды қалай және неден бастағанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдостың айтуынша, бастапқы кезде қаржылық сауаттың болмауынан тапқан табысты бей-берекет жұмсап, қаржы жинай алмаған. Алайда көп ұзамай тығырықтан шығатын жолды өздері тапқан.

«4-5 млн табыс табамыз, бірақ айдың соңына дым қалмайды. Түк түсінбейміз. Содан блокнотқа барлық шығынды жазып, есепке ала бастадық. Сол айда 100 доллар жинадық. Астанада күн суық, баратын жер жоқ. Қарап отырсақ, айналып баратынымыз Хан Шатыр, Мега екен. Балмұздақ аламыз. Тамақ жей береміз. Шығын сол екен», - дейді әзілкеш.

Содан отбасы кино, KFC секілді артық шығындарды қысқартады.

«Екінші айда жинағымыз 1100 доллар болды. Бірте-бірте артық нәрселерді азайта бердік. Сөйтіп жүріп Алматыға көшіп келіп, пәтер жалдадық. Ақша жинау сол кезден басталды. Табыстың белгілі бір пайызын жинауды үйрендік», - деп түйіндеді Елдос Кәдірханов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елдос Кәдірханов өзінің бедеулікке қатысты жеке ақпаратын жария еткен дәрігердің сөзіне реніш білдірген еді. Ол бұл жағдайдан кейін отбасында психологиялық күйзеліс болып жатқанын айтты. Артынша «Экомед» клиникалар желісінің жетекшісі Салтанат Байқошқарованың сіңлісі Перизат Байқошқарова Елдос Кәдірханов пен оның жұбайынан әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары