Павлодар облысында жол жұмыстары кезінде адам сүйегі табылды

Автор: Алмас Ерсін

Жол жұмысшыларының күтпеген «олжасы» тергеуге жұмыстарына себеп болды

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында жол ұмыстары кезінде адам сүйегі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 тамызда Ақтоғай ауданы Жаңауыл ауылының маңында жол бойындағы жырада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылар сүйек сынықтарын тапқаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Сүйек сынықтарын табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті іс-шаралар кешені тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Тергеу барысында басқа да мән-жайлар анықталады.

Еске сала кетейік, Өскеменде ер адам марқұм туыстарына құран бағыштау үшін зиратқа барған кезде жапырақтың арасында жатқан адамның бас сүйегін тауып алған болатын.