$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

KazBrand: қазақстандық бизнес үлкен деңгейге шығуда

KazBrand: қазақстандық бизнес үлкен деңгейге шығуда
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда алғаш рет ұлттық реалити-байқау басталуда. Бұл жоба жай ғана идея іздемейді, ол жергілікті жобаларды толықдайын франшиза пакетімен масштабтауға мүмкіндік беретін брендтерге айналдырады. Ұйымдастырушысы – Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мен «Respublica» партиясының қолдауымен.

2025 жылдың 14 тамызында KazBrand – ұлттық реалити-байқауы басталады. Бұл байқауеліміздің кез келген өңіріндегі кәсіпкерлерге өзбизнесін франшизаға айналдыруға, серіктестер тартуға және жаңа деңгейге шығуға мүмкіндікбереді. Финалистер дайын франшиза ғана емес, бір жыл бойы үздік мамандардың сүйемелдеуін алады. Көрермендер болса, бизнестің қалай өзгеретінін өз көзімен көреді.

Жобаның басты қозғаушы күші – Гүлбану Майгарина: спикер, франчайзинг саласының сарапшысы, Lanzhou жылдам  тамақтану желісінің негізін қалаушы, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығының кеңесшісі және Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясының төрағасы. Ол жылдар бойы ондаған компанияның франшиза нарығына шығып, табысын арттыруына көмектесті.

«Қазақстанда әлеуеті зор бизнес көп, бірақкөпшілігі бір қаланың шеңберінен шығуға жүйемен батылдық таппай жатады. Меніңмақсатым – масштабтаудың тез, дұрыс жәнеең аз тәуекелмен мүмкін екенін көрсету», – дейд іГүлбану Майгарина.

KazBrand – бұл бизнес-марафон, мұндажалықтыратын лекциялар емес, нақты талдаулар, жеке кеңестер және тәжірибелік тапсырмалар күтіп тұр. Байқау 2025 жылдың 14 тамызынан 3 қарашасына дейін өтеді: тіркеу мен онлайн-кездесулерден бастап, финалистерді іріктеу жәнефиналды онлайн-презентациялар форматында өткізуге дейін.

Жеңімпаздарды не күтіп тұр:

  • ​Франшизаны толық әзірлеу (7 млн ₸-ден бастап — жеңімпаздар үшін тегін)
  • ​Бір жыл бойы үздік мамандардың сүйемелдеуі
  • ​Даму стратегиясы және франшиза сатуға қолдау
  • ​Маркетинг, заңгерлік сүйемелдеу және тауар таңбасын тіркеу

KazBrand – сіздің бизнесіңізді өзгертеалатын байқау! Қатысу тегін (https://kazbrand1.bitrix24.site/crm_form_s4sup/).

Байланыс телефондары:  +7 771 700 54 77+7 700 711 72 72.

Серіктес жаңалықтары