15.08.2025, 15:44
Жаңалықтар
Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады
Республика күні де қанша күн демалыс болатыны белгілі болды
Фото: istockphoto.com
Қазақстандықтар 2025 жылы Конституция күні мен Республика күніне байланысты көбірек демалады, өйткені екі мереке де демалыс күндеріне сәйкес келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
30 тамызда атап өтілетін Конституция күні биыл сенбіге түседі. Мерекелік күнді ауыстыру есебінен қосымша демалыс 1 қыркүйек, дүйсенбіге беріледі.
Осылайша:
- бес күндік жұмыс аптасында – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс,
- алты күндік жұмыс аптасында – 30, 31 тамыз демалыс.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 25 қазан – Республика күні сенбіге сәйкес келеді.
Сондықтан:
- бес күндік жұмыс аптасында – 25, 26, 27 қазан демалыс,
- алты күндік жұмыс аптасында – 25, 26 қазан демалыс, 27 қазан – жұмыс күні.
Жалпы, қыркүйек және қазан айларында Қазақстанда бес күндік жұмыс аптасында – 9, ал алты күндікте – 8 демалыс күні болады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті