Апта соңында Қазақстанда жаңбырлы күндер күтіп тұр
Синоптиктер болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік-Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа-райына әсер етеді, онымен солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, ҚР орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел соғады.
Оңтүстік-батыста, 17-18 тамыз күндері батысында, 18 тамызда республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанып отыр, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болуы мүмкін.
«Күндізгі уақытта батыс өңірлерінде ауа температурасының 22-30-дан 27-35 дейін көтерілуі күтіледі; солтүстік-батыс облыстарда 16-30-дан 22-33 градус жылуға дейін; елдің солтүстігінде ауа температурасы 18-23 жылуды құрайды; орталық облыстарда температураның негізгі фоны 20-30 жылуды құрайды; ҚР шығысында ауа температурасының 20-30-дан 17-25 жылуға дейін төмендеуі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градусты құрайды, республиканың оңтүстік-шығысында температураның 30-35-тен 25-32-ге дейін төмендеуі болжанады», – делінген синоптиктер болжамында.