$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2019, 16:58
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда құны $1 млрд болатын туристік аудан салынады

Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 5-6 жыл

Нұр-Сұлтанда құны $1 млрд болатын туристік аудан салынады
Weproject.kz

Елордада көпфункционалды туристік ауданның құрылысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен «Ellington Properties Development LLC» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томас талқылады деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Аумақта демалыс орталықтарын, жылдың кез келген маусымында жұмыс істейтін ойын-сауық орталықтарын, туризм нысандары мен қонақ үйлерді орналастыру жоспарлануда. Яғни, қалада жаңа туристік орам пайда болады. Оған тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асады. Іске асыру мерзімі – 5-6 жыл.

Шетелдік компания нарықта 5 жыл жұмыс істейді және Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады, аталмыш жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар.

Серіктес жаңалықтары